Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Шетелдік студенттер елдеріне оралады

Шетелдік студенттер елдеріне оралады

Елдеріне қайтуға дайындалып жатқан шетелдік студенттер Жұбанов университетінде оқыған күндерін ешқашан ұмытпайтындарын айтып, білім алуға жасалған барлық жағдайға алғыстарын білдірді.

ҚХР Синцзян қаржы-экономикалық университетінің 10 студенті, Іле педагогикалық университетінің 12 студенті және Ош мемлекеттік университетінің 4 студенті халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуларын тәмамдады. Барлық шетелдік студенттерге Халықаралық ынтымақтастық орталығы халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасына белсене қатысқаны үшін арнайы сертификаттарды салтанатты түрде табыс етті.

Шетелдік студенттер университет ішінде бір академиялық оқу мерзімде  «Қазақ тілі және әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Дене шынықтыру және спорт», «Бейнелеу өнері және сызу», «Музыкалық білім», «Аударма ісі» «Математика» және «Информатика» мамандықтары бойынша білімдерін жетілдірді.