Суббота, Июль 4, 2020
Басты > Жаңалықтар > Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!

Құрметті Гүлжан Тыныштықбайқызы!

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректораты, профессор-оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері Сізді шын жүректен туған күніңізбен құттықтайды! 

Сіз Батыс өңіріндегі беделді Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Халықаралық байланыстар саласында еңбек етіп келесіз. Ұжымда өнегелі еңбегіңізбен, тындырымды ісіңізбен және қарапайым да, парасатты мінезіңізбен үлкен абырой-беделге ие болған   тәжірибелі басшысыз.

Гүлжан Тыныштықбайқызы!

Білім-ғылым жолындағы елеулі еңбектеріңіз жемісті болып, алға қойған мақсаттарыңыз орындалсын!

Туған күніңізде Сізге ұзақ ғұмыр тілей отырып, жеткен жетістіктеріңіздің бәрін – еңбегіңіздің жанғаны, мақсаттарыңыздың орындалғаны деп білеміз.

Тәуелсіз Қазақстанның білім-ғылым саласын өркендету жолында атқарып жүрген жауапты қызметіңізге табыс, зор денсаулық, отбасыңызға ырыс-береке тілейміз!