Четверг, Март 28, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Жүлдегерлер анықталды!!!!

Жүлдегерлер анықталды!!!!

Астана қаласында өткен «Жастық шақ көк семсердің жүзі емес пе…» атты республикалық жас ақындар айтысы өз мәресіне жетті. Аламанда алқынбай шапқан сөз жүйіріктері жүлделі орындарды бөлісті. Бұл айтыста Сыр елінің сүлейлерінің соқпағын жалғаған Сырым Әділбек пен Сарыарқаның серілерінің сүрлеуімен жүрген  Нұрмұхаммед Байсүгір ақындық талантымен қоса, алты қырдан асатын қоңыр дауысымен елді сүйіндірді. Сыр елінің тумасы Бекжан Ержігіт те мірдің оғындай сөздерімен халықтың көкейіндегісін дәп  басып айтты.  Айтыстың көркі болған Рысгүл Манарбекқызы мен Жібек Шахмарданқызы қазақ қыздарына тән салмақты ой, саралы сөздің үлгісін көрсеткендей болды. Айтыста ең жасы кіші ақын Бексұлтан Қайдар үлкен-үлкен сөздер айтуымен көрермендердің көзайымына айналды. Айтыс тізгінін ұстаған айтыскер ақын, әдебиеттанушы ғалым, Ф.Ғ.Д Серікзат Дүйсенғазы ақындарға сахнада шабыт беріп, айтыстың мәнін арттырып, дәмін келтіре түсті.Айтысқа қазылық еткен Аманжол Әлтаев, Иранғайып Күзенбаев, Талант Арғынғали, Мұхтар Ниязов қатарлы Алаштың азулы ақындары әділ төрелік жасады. Әр сөздің байыбына барлап, тармақтарын талдап, биікке самғап ұшқан қанатты ақындарға өз бағасын берді. Сонымен жүлдегерлердің тізімі төмендегідей:

Бас жүлде: Сырым Әділбек. (Қызылорда қаласы), (500 мың теңге)

1-орын: Нұрмұхаммед Байсүгір (Қарағанды қаласы)  , (300 мың теңге )

2-орын: (200 мың теңгеден)

Әлихан Жақсылық (Ақтөбе қаласы)

Бексұлтан Қайдар (Екібастұз қаласы)

3-орын: (100 мың теңгеден)

Рысгүл Манарбекқызы (Түркістан қаласы)

Бекжан Ержігіт (Қызылорда қаласы)

Абдрауф Орал   (Астана қаласы)

Солдан оңға қарай: Бас жүлде иегері Сырым Әділбек, айтыскер ақын Иранғайып Күзенбаев, 3-орын иегері Бекжан Ержігіт

Солдан оңға қарай: 2-орын иегері Әлихан Жақсылық, айтыскер ақын Аманжол Әлтаев.

3-орын иегері Рысгүл Манарбекқызы.

1-орын иегері Нұрмұхаммед Байсүгіров

   2-орын иегері Бексұлтан Қайдар

 

 

 

Мәтінді дайындаған: Бірлесбек Саягүл.

http://aitysker.org/?p=8940