Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Географтар күнінде Польша ғалымы қонақта болды

Географтар күнінде Польша ғалымы қонақта болды

Кездесу ағымдағы жылдың 16 мамыр күні – Дүниежүзілік географ күніне орай «География және туризм» кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілді.

Кездесу барысында география ғылымдарының PhD докторы Сецилия Малгорзата докторлық диссертациясының зерттеу нысаны мен өзектілігі бойынша баяндама жасады. Польша ғалымы Үндістан, Боливия, Мальдив, Сейшел аралдары, Тонга корольдігіндегі волонтерлік қызметі және тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, «1992-1996 жылдар аралығында Ботсвана мемлекетінің Маун елді мекеніне ерікті қызметін атқардым. 1996 жылы Польшаның Ворцлава университетінде «Маун – африкалық елді мекенінің трансформациясы» (The Transformation of an African Village – the case of Maun, Botswana) тақырыбындағы докторлық диссертациясын қорғадым. Аталған диссертациясының негізінде “The Life and Times of Ngamiland. The story of Maun” атты еңбегім жарық көрді»,- деді Сецилия. Қорытындылай келе, ол Ботсвана мемлекетінің Маун елді мекеніндегі жұмысы туралы Польша телевидениесінің түсірген деректі фильмін көрсетті.