Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > «Жұбанов көктемі-2018» Республикалық жастар форумы басталды

«Жұбанов көктемі-2018» Республикалық жастар форумы басталды

Ақтөбеде «Жұбанов көктемі-2018» республикалық жастар форумы басталды. Дәстүрлі шараның биылғы тақыры Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасы мен Астананың 20 жылдығына арналды. Еліміздің әр түпкірінен 100-ге тарта делегат келді.

Ақтөбе облысының мәдени брендіне айналған шараның ұйымдастырушысы Құдайберген Жұбанов университеті. Форум бағдарламасы үш күнге жоспарланған.

Алғашқы күні форум қонақтарын қаланың көрікті жерлерімен таныстырмақ. Қазақстанның киелі жерлері тізіміне кірген Есет Көкіұлының мемориалдық кешені мен облыстық планетарийге экскурсия ұйымдастырылмақ.

Форумның ашылу салтанаты мамырдың 19-ы күні студенттер сарайында өтеді. Ауқымды шара аясында бизнес-тренинг және республикалық пікірталастың іріктеу кезеңі өтеді.

 

http://aktobetv.kz/kz/news/society/zhubanov-koktemi-2018-respublikalyk-zhastar-forumy-bastaldy