Воскресенье, Июль 14, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > «Жұбанов көктемі — 2018»

«Жұбанов көктемі — 2018»

Ақтөбеде дәстүрге айналған «Жұбанов көктемі — 2018» республикалық жастар форумы өтті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Астананың 20 жылдығына орайластырылып өткізіліп отырған форумға еліміздің әр түкпірінен жиналған 100-ге тарта делегат қатысты.

Форумды Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті ұйымдастырды.

Форум делегаттары Ақтөбенің көрнекті орындарымен танысып, облыстық планетарийге және Алға ауданындағы Тама Есет Көкіұлы кесенесіне саяхат ұйымдастырылды. Қонақтар Т.Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері әскери институтында өткен ашық есік күніне қатысып, Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалдық музейіне барды.

Үш күнге созылған форум жексенбі күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті жанындағы «Білім алаңында» қорытындыланып, университет ректоры Бауыржан Ердембековтың қатысуымен өткен гала-концертпен аяқталды.

Шара барысында «JUBANOV CUP» атты республикалық пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары марапатталып, университеттің оқу озаттары мен белсенді студенттеріне «Үздік студент» төсбелгісі табысталды. Сондай-ақ  «Жас қаламгер» шығармашыл студенттері жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.

Ақерке САТЫБАЛДЫ

http://www.aktobegazeti.kz/?p=66429