Вторник, Октябрь 4, 2022
Басты > БАҚ біз туралы > Бастауыш кәсіподақ комитетінің мүшелерімен кездесу өтті

Бастауыш кәсіподақ комитетінің мүшелерімен кездесу өтті

Осы жылдың 14 мамыр күні Ақтөбе облыстық Кәсіподақтар Орталығының бас маманы және «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері» кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымының төрайымы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті бастауыш кәсіподақ комитетінің мүшелерімен кездесті.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясының 2018-2019 жылға жаңғырту «Жол картасы» және келісім комиссиясы туралы айтылып, кәсіподақ комитетінің мүшелерінің сұрақтарына жауаптар берілді.