Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > Жаңалықтар > Филологтар Славян жазуы мен мәдениеті күнін өткізді

Филологтар Славян жазуы мен мәдениеті күнін өткізді

24 мамыр күні Әлем халқы славян жазуының негізін қалаушы Кирилл мен Мефодиге арнап мереке өткізеді. Соған орай Жұбанов университетінің  филология факультеті де Славян жазуы мен мәдениеті күні атап өтті. Жыл сайын өткізілетін бұл шара оқытушылар мен студенттердің басын біріктірді.

Мерекелік шарада «Орыс филологиясы және мәдениетаралық қарым-қатынас» кафедрасының доценті Гульмира Унгарбаева сөз сөйлеп, жиналған қауымды мейраммен құттықтады. Сондай-ақ, Гульмира Ибрагимқызы кирилл әліпбиінің тарихы туралы мәліметтер беріп, болашақ филологтар үшін орыс тілінің тарихын білудің маңыздылығын түсіндірді.

Сонымен қатар аталмыш шарада «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 1-курс студенттері топ кураторы Виктория Исламгалиеваның жетекшілігімен қызықты мәдени бағдарлама ұйымдастырды. Студенттер славян әліпбиінің негізін қалаушылар туралы слайд көрсетіп, орыс ұлтының әндерін орындады.

Шара қорытындысында олар лингвистикалық викторина аясында ежелгі славян жазуы мен орыс тілі тарихы жөніндегі білімдерін сынады.