Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Өз таңдауыңды жаса, жас түлек!

Өз таңдауыңды жаса, жас түлек!

Оқу жылы аяқталар сәтте бітіруші түлектер арасында үлкен таңдау мен талдау жүреді.

Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттаған қазіргі әр түлектің таудай мақсаты – жоғары оқу орнына түсіп, ата-анасының үмітін ақтау. Олар үшін алда сынақ тұр. Ұлттық бірыңғай тестілеуден соң, арман жүгін арқалаған әр түлек өзіне қажетті оқу орнын таңдайды. Балаларының тағдырына алаңдаулы ата-аналар да қазірден бастап оқу орындарын аралауда. Ал бұл ақпарат арқылы еліміздегі таңдаулы жоғары оқу орындары туралы қажетіңізді біле аласыз.

Жуырда еліміздегі үздік 20 жоғары оқу орнының рейтингі жасалған болатын. Көштің басын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бастап тұр.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті – Батыс Қазақстандағы жетекші ЖОО-ның бірі.

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ мамандар даярлауда 8 бағытта жоғары білім береді «Білім беру» (22 мамандық), «Гуманитарлық» (4 мамандық), «Қазақстан Республикасының Заңына» (1 мамандық), «Өнер» (2 мамандық), «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» (8 мамандық), «Жаратылыстану» (6 мамандық), «Техникалық ғылымдар  және технологиялар» (10 мамандық), «Қызмет көрсету» (2 мамандық) және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру 13 мамандық.

http://24.kz/kz/zha-aly-tar/bylu-manyzdy/item/242200-titlechange-favorites-z-ta-dauy-dy-zhasa-zhas-t-lek