Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Студенттерге сертификаттар табысталды

Студенттерге сертификаттар табысталды

Жұбанов университеті біліктілікті жоғарылату институтының жоспарына сай 2018 жылдың 4-18 сәуір аралығында техникалық факультеттің «Автокөлік және ЖҚҰ» кафедрасының аға оқытушы Биғали Ахметовтің жетекшілігімен «Республикалық ТжКБ беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ арқылы «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығының 3-4 курс студенттеріне біліктілік сапасын арттыру мақсатында «Автомобиль электр жабдықтарын жөндеу электригі» және «Автомобильдерді жөндеу слесарі» жұмысшы біліктілігін алуға қосымша курс ұйымдастырылған болатын.

Аталмыш курстың нәтижесінде 2018 жылдың 29 мамыр күні  техникалық факультет деканы Өтеген Сариев пен «Автокөлік және ЖҚҰ» кафедрасының меңгерушісі Абзал Мұхтаров курсқа қатысқан 19 студентке сертификаттар табыстады.