Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет мамандықтары максималды мерзімге аккредиттелді

Университет мамандықтары максималды мерзімге аккредиттелді

2018 жылдың 31 мамырында Қазақстан Республикасы Аккредиттеу мен рейтингтің тәуелсіз агенттігінің Аккредиттеу Кеңесі өтті. Кеңесте университетіміздің 9 білім бағдарламасын максималды 7 және 5 жылдарға аккредиттеу жөнінде шешім қабылданды.

Аккредиттеу жүргізілген мамандықтар:

  • 5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу (7 жыл)
  • 5В010200-Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі (7 жыл)
  • 5В010300-Педагогика және психология (5 жыл)
  • 6М010300-Педагогика және психология (5 жыл)
  • 5В010900-Математика (7 жыл)
  • 6М010900-Математика (5 жыл)
  • 5В011000-Физика (7 жыл)
  • 6М011000-Физика (5 жыл)
  • 5В011100-Информатика (5 жыл).

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 14-16 мамыр аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 9 білім беру бағдарламасына Қазақстан Республикасы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) тарапынан мамандандырылған аккредиттеу рәсімі жүргізілді.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Б.А.Ердембековтың қабылдауынан басталған аккредиттеу рәсімі сыртқы сарапшылардың университет проректорларымен және құрылымдық бөлім басшыларымен, факультет декандарымен және бітіртуші кафедра меңгерушілерімен сұхбаттасу жүргізуіне, аккредиттелетін білім бағдарламаларының оқу ғимараттары мен кафедраларына сырттай шолу жасауына жалғасты. Сонымен қатар, аккредиттелетін білім бағдарламалары бойынша кафедра құжаттарының стандарттарға сәйкестілігін тексеріп, емтихандарға таңдап қатысты. Студенттермен, магистранттармен, ПО құрамымен, түлектермен, жұмыс берушілермен кездесу өткізіп, олармен еркін тақырыпта сұхбаттасты. Аталған кездесулерге 60 оқытушы, 60 студент пен магистрант, облыстың түрлі саласынан 36 жұмыс беруші мен аккредиттелетін мамандықтардың 55 түлегі қатысты. Сұхбат барысында комиссия тарапынан қойылған сұрақтарға барлық қатысушылар қанағаттанарлық деңгейде жауап берді. Сарапшылар сұхбаттасу нәтижесінде қатысушылардың бұл үдеріске үлкен жауапкершілікпен қарағандарына ризашылығын білдіріп, университет пен түлектер, жұмыс берушілер арасындағы кері байланыс тиісті деңгейде екендігін атап көрсетті.

Мамандандырылған аккредиттеу рәсімі аясында сыртқы сарапшылар аккредиттелетін білім бағдарламаларының практика базалары мен кафедралардың мекемелердегі филиалдарына да барды. Мысалы, Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернаты, Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты, №40 орта мектеп, «Алма Рай» мектепке дейінгі ұйым, Новый орта мектебі, Ақтөбе гуманитарлы колледждерінде орналасқан Мекткепке дейінгі және арнаулы білім, Педагогика, психология және бастауышта оқыту, Педагогика және психология, Математика, Физика, Информатика және ақпараттық технологиялар кафедра филиалдарының жұмысымен танысты. Сонымен қатар, сыртқы сарапшылар Физика-математика бағытындағы НЗМ, «Нұрсәт» №33 мектепке дейінгі ұйым орталығында, №56 ЖОБМ, үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясында орналасқан практика базаларымен танысты.

Сыртқы сарапшылар университетіміздің материалдық-техникалық базасына, жаңадан ашылған арнайыландырылған кабинеттер мен оқу ғимараттарының ауқымына қызығушылық танытты. Осылардың бәрі аталған мамандықтардың аккредиттеу рәсімінен сәтті өтуіне себеп болды.

Университет ұжымының аккредиттеуге дайындық кезіндегі қажырлы еңбегі, ұжым мүшелерінің іс-шараларды үлкен жауапкершілікпен атқаруы, білім бағдарламаларының жұмыс берушілері мен түлектерінің аккредиттеу рәсімі аясында өткізілген сұхбаттасуға белсенді түрде қатысуы маңызды кезеңнен сәтті өтуге негіз болды.

Аккредиттеуден сәтті өткен барлық мамандықтар ұжымын алған белестерімен құттықтаймыз!

 

Аккредиттеу және рейтинг бөлімі