Вторник, Октябрь 4, 2022
Басты > Жаңалықтар > Университет студенттері поляк тілін үйренетін болды

Университет студенттері поляк тілін үйренетін болды

Бүгін Жұбанов университеті мен поляктардың Ақтөбе қаласындағы «Святло» этномәдени ұйымының арасында шығармашылық қарым-қатынас турасында келісімшарт жасалды.

Университеттің Ғылыми кеңес залында өткен кездесуде ректор, профессор Бауыржан Ердембеков сөз сөйлеп, академиялық ұтқырлық бағдарламасына тоқталды. Сондай-ақ, университеттегі Халықаралық ынтымақтастық орталығының жұмысын ерекше атап өтті.

Өз кезегінде   «Святло» этномәдени орталығының басшысы Елена Цибульская университет басшылығына алғыс білдіріп, өзі басқарып отырған орталықтың тығыз қарым-қатынас жасауға дайын екендігін жеткізді.

Басқосу  соңында Елена Цибульская мен Бауыржан Аманкелдіұлы  меморандумға  қол қойып, екі жақтық келісімдерін ресми бекітті.

Қол қойылған меморандум негізінде поляк орталығы университет студенттеріне поляк тілі және поляк мәдени курстарын жүргізетін болады.