Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет студенттері бизнес-жоспарларын ұсынды

Университет студенттері бизнес-жоспарларын ұсынды

Бүгін Жұбанов университетінде  республикалық «Startup Bolashak — Менің арманым» стартап-жобалар байқауының ширек финалына қатысатын университет командалары жобаларының таныстырылымы өтті.

Шараға университеттің  ғылыми-инновациялық бағдарламалар департаментінің директоры Берікхан Иісбекұлы, менторлар -«Ма-Consalt» агенттігінің директоры Марат Көпбергенов,  «Craft» жиһаз студиясының негізін қалаушы Берік Құрмашов және «Цеснабанк» Ақтөбе филиалының өкілдері қатысты.

Шырайгүл өсіру, дефектолог-логопед мамандарға арналған оқу құралы, дұрыс тамақтану кафесі жөніндегі бизнес-жобалар қонақтардың қызығушылығын тудырды. «Цеснабанк» Ақтөбе филиалының өкілдері ерекше жоба деп  стакандар турасындағы жобаны ерекше бағалап, жоба авторларына 20 мың теңгенің сертификатын табыстады.

Облыстық конкурстың жеңімпаздары жақын күндері Астана қаласында өтетін сайыстың республикалық кезеңіне университет атынан қатысатын болады.