Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Хабарландырулар > Беларусь елін тануға шақырамыз!

Беларусь елін тануға шақырамыз!

М.Танка атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университеті студенттер, магистранттар мен докторанттарды «Жазғы мектеп 2018. Беларусьті таны: білімнен мәдениетке» IV халықаралық білім беру жобасына қатысуға шақырады.

Уақыты: 2018 жылдың 28 маусым 7 шілде аралығында.

Ұйымдастырушы: М.Танка атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университеті.

Жоба аясында қатысушылар Беларусь Республикасының Жоғарғы оқу орындарымен, көрікті жерлерімен танысады, орыс (беларусь) тілі курсына, суденттік еріктілер қозғалысының жұмысына қатысады. Арнайы серфикаттарға ие болады.

Жобаға қатысу құны 300 евро, оның ішіне: Минск әуежайына дейін бару билетінің құны, тұру, үш мезгіл тамақтану, экскурсиялық бағдарлама (кіру билеті, экскурсовод қызметі), аудармашы қызметі, лагерь бағдарламасында көрсетілген транспорттық шығындар, жобаға қатысушы пакеті, орыс (беларусь) тілі білім беру курсының құны кіреді.