Вторник, Март 21, 2023
Басты > Білім > Физика-математика факультетінде түрік ғалымының дәрістері өтуде

Физика-математика факультетінде түрік ғалымының дәрістері өтуде

Жұбанов университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Анқара қаласы Орта-Шығыс Техникалық университетінің (Түркия)  физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Марат Ахметтің дәрістер сериясы өтуде. «Импульстік әсері бар дифференциалдық теңдеулер» тақырыбы бойынша дәрістер магистранттар мен докторанттарға арналған болатын. Дәріс сабақтары дифференциалдық теңдеулер тақырыбын тереңірек зерттеу үшін салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып, дереу ортада өткізілуде. Түрік ғалымының айтуынша, дәріс тыңдаушылар осы тақырыпқа қызығушылық танытуда.

«Егер біз шок түріндегі өзгерістермен үздіксіз өзгерістерге ұшырайтын гибридті құбылыстар алсақ, импульстік әсері бар дифференциалдық теңдеулер пайда болады»,- дәрестерінің мәнін түсіндіріп дейді Марат Убайдуллаұлы.

Айта кету керек, Жұбанов университетінде «Испульстік теңдеулер» тақырыбын дамыту бойынша жұмыс атқаратын «Математика» кафедрасының меңгерушісі Мадина Тлеубергенова болып табылады. Осыған байланысты түрік университетімен белсенді ынтымақтастық, сондай-ақ магистранттарға, докторанттарға және біздің университетіміздің оқытушыларына арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасын одан әрі іске асыруда қолдау және көмек көрсету жетілдірулуде.

Мадина Тлеубергенова профессор Марат Ахмет жетекшілігімен 2010 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да кандидаттық диссертациясын қорғағанын айта кету жөн.

Марат Ахметтің ғылыми зерттеулері тек Түркияда ғана емес, бірқатар еуропалық елдерде де кеңінен қолданылады. Оның еңбектері Түркияда, Еуропада және АҚШ-да ағылшын тілінде жарық көрген. 2015 жылы Түрік Республикасының Президенті Т. Эрдоган ұсынған түрік академиясының ең жоғарғы ғылыми сыйлығын иеленген.

Профессор Марат Ахметтің дәрістері 25 маусымға дейін жалғасады.