Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Даңқты мектеп бітірушілері Жұбанов университетін таңдауда

Даңқты мектеп бітірушілері Жұбанов университетін таңдауда

Қаладағы тарихи даңқы бар №22 мектепте бітірушілерге арналған Аттестат тапсыру салтанатты кеші өтті.  Бұл мектепте кезінде атақты 312 дивизия штабы орналасқан, Кеңес Одағының батыры Василий Козенков пен ғарышкер Юрий Лончаков оқыған. Салтанатты кешке  арнайы барып, бітіруші түлектерді құттықтаған Жұбанов университетінің өкілі, доцент Татьяна Алимпиева ректордың атынан естелік сыйлықтар тапсырды. Енді Құдайберген Жұбанов бейнесі кестеленген кілемше осы мектеп төрінде де ілінетін болады. Татьяна Алимпиева бітірушілерге ақ жол тілей тұрып, өңірдегі ең ірі Жұбанов университеті жайлы ақпараттар берді. Мектеп бітірушілерді жоғары оқу орнындағы мамандықтар спектрінің кеңдігі, академиялық ұтқырлық бағдарламасымен алыс, жақын шетелдерде білім алу мүмкіндігі қызықтырды. Мектеп бітіруші жастар ішінде Жұбанов университетін таңдап отырғандар да бар. Мысалы, Эвелина Зверян құжаттарын «Аударма ісі», Милена Ахметова «Биология», Баян Ерсайынова «Құқықтану» мамандықтарына тапсырғалы отырғанын айтты.