Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің ректоры мектеп  бітірушілерді құттықтады

Жұбанов университетінің ректоры мектеп  бітірушілерді құттықтады

Ректор  Бауыржан Ердембековтің  құттықтауын Мектеп бітірушілерге университеттің кәсіби бағдар тобы жеткізді. Олар қаладағы 60 мектептің аттестат тапсыру кештеріне қатысып, университеттің атынан сыйлықтар тапсырды.

Кәсіби бағдар тобындағы университеттің профессор-оқытушылар құрамы мектеп бітірушілерге еліміздің Батыс өңіріндегі ірі жоғары оқу орны – Жұбанов университетіндегі соңғы жетістіктер мен алдағы уақыттағы межеленіп отырған стартегиялық жоспарлары жайлы әңгімеледі.

Сонымен қатар университет өкілдері мектеп бітірушілердің болашақ кәсіптерін дұрыс таңдауға тілектерін білдірді.