Воскресенье, Январь 29, 2023
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің әлемдік рейтингке енуі туралы талқыланды

Жұбанов университетінің әлемдік рейтингке енуі туралы талқыланды

Аталмыш мәселе университеттің Халықаралық ынтымақтастық орталығының Ұлыбританияның QS Quacquarelli Symonds Ltd консалтингтік компаниясының менеджері Лариса Осиповамен біргелікте өткізілген  скайп-сессияда көтерілді.

Лариса Осипова  университеттің әлемдік мойындалуы және шетелдік студенттерді оқуға қабылдау мақсатындағы стратегиялық жобаларын қайта қарастыруға мүмкіндік беретін түрлі консалтинг-пакеттер туралы сөз етті. Олардың ішінде QS Star (QS Звезды), QS world university rankings by subject (Универсрситтердің пәндік рейтингі) секілді пакеттер атап көрсетілді. Сонымен қатар университеттің Emerging Europe and Central Asiа (EECA) аймақтық рейтингі туралы да сөз етілді. Аймақтық ЕЕСА рейтингіне қатысуға Жұбанов университеті ұсыныс жасап, қажетті индикаторларын тапсырды. Рейтинг қортындысы 2018 жылдың қараша айында белгілі болады.

Әлемнің үздік университеттерінің рейтингі (QS World University Rankings) – әлемде білім беру сапасын бағалаудың үздік құралы болып табылады. Рейтинг британдық консалтингтік компанияның Quacquarelli Symonds (QS) әдістемесі бойынша есептеледі және жоғары оқу орындарының ең ықпалды жаһандық рейтингілерінің бірі. Quacquarelli Symonds рейтингісі 2004 жылы Times Higher Education британдық  басылымымен бірлесіп әзірленіп, The World University Rankings ретінде танымал болды. 2010 жылдан бастап бірыңғай рейтинг екіге бөлінді: Times Higher Education басылымы, әлемнің үздік университеттерінің рейтингісін The World University Rankings атауымен Thomson Reuters агенттігімен бірлесіп шығарады және Quacquarelli Symonds, рейтингті  QS World University Rankings атауымен шығаруды жалғастырып келеді.

Рейтинг университтерді зерттеу жұмыстары, оқыту, жұмыс берушілердің пікірі мен мансаптық әлеуеті, шетелдік студенттер мен оқытушылардың саны, академиялық ортада университеттің беделі индикаторлары бойынша бағалайды