Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > «Хан қорық» халықаралық жастар фестивалі басталды

«Хан қорық» халықаралық жастар фестивалі басталды

Ал Құдайберген Жұбанов атындағы университетте «Хан қорық» фестивалінің қатысушылары ғылыми-практикалық конференция барысында өз жобаларын қорғады. Үш секцияға бөлініп жұмыс істеген жастар өздерінің климаттың өзгеруі, жасыл экономика моделі, табиғат ресурстарының жаңғыруы сияқты мәселелерге қатысты көзқарастарын, пайымдарын, пікірлерін ортаға салды.

Бұл жастардың бойында отаншылдық басым. Қоршаған ортаны қорғауға және адамзаттың тарихи мұрасына деген қамқорлық ерекше. Хан қорық фестивалі Қазақстан, Өзбекстан, Ресейдің жоғары оқу орындарынан келген 120 жастың басын қосты. Жас зерттеушілер өздерінің ғылыми баяндамаларын Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемелкеттік университетінде өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияға алып келді. Ал ертең олар Ақтөбе өңіріне жасалатын экспедицияны бастайды.

Фестиваль төртінші мәрте өтіп отыр. Өткен жылдары бұл шараны Қарағанды облысының Ұлытау өлкесі, Оңтүстік Қазақстан облысы, Павлодар облысының Баянауылы сәтті ұйымдастырды. Ал ендігі кезек біздікі, эстафета Ақтөбе өлкесіне жол тартты.

Фестивальдің жастардың бойында өз еліне, туған жеріне, өз ұлтының мәдениетіне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік қалыптастыратын қасиеті бар дейді ұйымдастырушылар. Осы шараның арқасында студенттер Қазақстанның табиғи қорықтарын, тарихи ескерткіштерін көреді, зерттейді, зерделейді.

 

http://aktobetv.kz/kz/news/society/han-koryk-halykaralyk-zhastar-festivali-bastaldy