Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Жұбанов университеті БАҚ өкілдерін құттықтады

Жұбанов университеті БАҚ өкілдерін құттықтады

Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Жұбанов университетінің ұжымы журналистерді құттықтады. «Ақтөбе» телеарнасының және республикалық арналардың, сондай-ақ, облыстық басылымдардың өкілдері шақырылды. Университет ректоры Бауыржан Ердембеков оқу ордасының жұмысын жария етуге БАҚ өкілдерінің қосып жүрген зор үлесін атап өтті.

Осы шарада универсиет студенті Алтынбек Қожас «Актюбинский вестник» газетінің 100 жылдығына арнап басылым редакторына «Алтын күз» картинасын сыйлады. Бұл студенттің дипломдық жұмысы болатын. Жас суретші өзінің туған жері Қобда ауданының Калиновка ауылын суреттеген. 6 ай бойы бейнелеген картинаны мамандар жоғары бағалады.

http://aktobetv.kz/kz/news/society/zhubanov-universiteti-bak-okilderin-kuttyktady