Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Тарих факультетін 91 түлек бітіріп шықты

Тарих факультетін 91 түлек бітіріп шықты

Олардың 73-і күндізгі бөлім бойынша, 18-і сырттай бөлім бойынша оқуларын тәмамдады. Үздік диплом алған студенттердің саны – 27.

Салтанатты түрде диплом табыстауға арналған бүгінгі  шараға қатысқан университет ректоры, профессор Бауыржан Ердембеков үлкен өмірге аттанып бара жатқан бітірушілерді шын жүректен құттықтап, алда тосып тұрған қызметтеріне мол табыстар тіледі. Содан соң ректор оқу озаттарына ерекше үлгідегі дипломдарды өз қолымен табыстады.

Әрі қарай қалған бітірушілерге диплом табыстауды тарихшы-лауазым иелері жалғастырды. Олар: оқу ісі жөніндегі проректор, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Бибігүл Абенова,  ғылым және инновациялық жұмыстар жөніндегі  проректор, тарих ғылымдарының докторы, профессор  Рахым Бекназаров, тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлмира Купеновалар да бітірушілерге  қимастық сезімдерін жеткізіп, сәт сапар тіледі.

Сондай-ақ шарада тарих факультетінің профессор-оқытушылық құрамы атынан ардагер-ұстаздар, тарих факультетін әртүрлі жылдары бітірген университет түлектері және ата-аналары  ыстық тілектерімен  сөз сөйлеп, құттықтады.

Шара барысында бітірушілерге 4 жыл бойы ата-анасын ауыстырып, студенттік өмірдің ыстық-суығында жандарында болып, қамқорлық көрсеткен топ кураторлары Алғыс хаттармен марапатталды.

Бітірушілер-түлектер «Тарих», «Тарих (гуманитарлық бағыт бойынша)», «География» және «Туризм»мамандықтарын игеріп шықты.