Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Полиглот мамандарға дипломдар табысталды

Полиглот мамандарға дипломдар табысталды

Бүгін Жұбанов университетінің 40 жылдан астам тарихы бар шет тілдер факультеті кезекті түлектерімен қоштасты. Үстіміздегі жылы аталмыш факультетті 200-ге тарта студент бітіріп отыр. Оның 59-ы үздік диплом иегерлері.

Түлектерді алғашқылардың бірі болып, университет ректоры Бауыржан Ердембеков құттықтады. Ол ұшқыр ойлы оқу озаттарына 4 жыл бойғы еңбектерінің жемісі  — ерекше үлгідегі дипломдарын табыстай келе, жас мамандарға жарқын болашақ тіледі.

Келесі кезекте бітіруші студенттерді факультет деканы Күлпаш Көптілеуова құттықтады.

 

Мерекелік шара әрі қарай бітіруші студенттер және олардың ата-аналарының қатысумен қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде ұйымдастырылған концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Айта кету керек, шетел тілдері факультеті түлектерінің студенттік өмірінің соңғы сәттерін есте қаларлықтай өткізуге ерекше дайындалды. Осылайша бас оқу ғимаратының фойесінде  бітіруші студенттерге арналған фото-алаң құрылды.