Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Түлектердің 90 пайызы жұмасқа орналасты

Түлектердің 90 пайызы жұмасқа орналасты

Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 90 пайыз түлегі жұмысқа орналасты. Бүгін білім ордасын техникалық мамандықтары бойынша тәмамдаған жас мамандарға диплом табыстау салтанаты өтті. Олардың арасында болашақ металлургтер, мұнайшылар, құрылысшылар мен инженерлер бар. Толығырақ келесі бейнематериалда.

Бүгін Ақәділ Жаңабаев үшін — қуанышты күн. Ол төрт жыл оқуын үздік аяқтап, қызыл дипломға ие болды. Университет қабырғасында жүріп, көліктік технология бойынша Қытай мен Түркияда білімін шыңдап келді. Болашақта еліміздегі ұлттық компаниялардың бірінде еңбек ету ойында бар.

Түлектер тек теория жүзінде ғана емес, практика түрінде де білімдерін шыңдады. Олар екінші курстан бастап, өндірістік тәжірибеден өтті. Мұндай мүмкіндік дуальды оқыту бағдарламасы аясында жүзеге асты. Жалпы, биыл Жұбанов университетін күндізгі және сырттай бөлім бойынша 2617 түлек бітіріп шықты. Олардың 318-і «үздік» диплом иегері.

Айтып өтейік, университет жанынан арнайы колледж ашылды. Оған облыстық әкімдік тарапынан жұмысшы мамандықтар үшін 100 грант бөлінді.

Жұлдыз Алмасқызы

http://aktobetv.kz/kz/news/society/tulekterdin-90-paiyzy-zhumyska-ornalasty