Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Инклюзивті оқыту тәжірибесі туралы вебинар өтті

Инклюзивті оқыту тәжірибесі туралы вебинар өтті

Кеше Жұбанов университетінің мәжіліс залында «Жоғарғы оқу әлеуметтік аспектісін күшейту арқылы сапаны қамтамасыз ету» тақырыбында қазақстандық жоғарғы оқу орындарына арналған вебинар өтті. Вебинарды ҚР ҒЖБМ Боллон үрдісі және академиялық ұтқырлық орталығы ұйымдастырды. Шараны «Қазақстандағы жоғары оқуға деген қолжетімділік аясын кеңейту және студенттерге әлеуметтік қолдау көрсетуді қамтамасыз ету» тақырыбындағы баяндамасымен ҚР ҒЖБМ Боллон үрдісі және академиялық ұтқырлық орталығының директоры Амантай Нұрмағамбетов ашты. Вебинардың мақсаты – академиялық қоғамды инклюзивті оқыту тәжірибесі туралы хабардар ету.

Шара барысында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің және Абай атындағы Қазақ Ұлдттық педагогика университетінің өкілдері әртүрлі университеттердегі Инклюзивті оқыту орталықтарының қызметі туралы таныстырылымдарды ұсынды.