Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінде шығармашылық емтихандар кезеңі басталды

Жұбанов университетінде шығармашылық емтихандар кезеңі басталды

Бүгін Жұбанов университетінде бекітілген кестеге сәйкес кәсіби-шығармашылық факультетіне оқуға түсу үшін емтихандар кезеңі басталды.

300-ге тарта талапкер университеттің спорт кешенінде спорттық нормативтерді орындады. Алғашқы күні болашақ спортсмендер жеңіл атлетикадан емтихан тапсырса, бүгін ерлер тартылу және Брусьяда бұрыш ұстау жаттығуларын орындады. Ал қыздар денесін бүгу және ұзындыққа секіруден нормативтер тапсырды. Ертең талапкерлер арнайы (футболдан, баскетболдан, волейболдан, күрестен және т.б.) емтихан кезеңінен өтеді.

Ал «Дизайн» мамандығына оқуға түсу үшін бірінші «Сызу» пәнінен емтиханды 93 адам тапсырды. Олардың 71-і қазақ, 22 орыс тілді талапкерлер. Емтихан комиссиясының төрағасы Боранбай Моменовт3ң айтуынша, емтихан тапсыру үшін талапкерге барлық жағдай жасалған. Әр талапкерге жеке тапсырманы орындауға 4 сағат уақыт бөлінген. Екінші емтихан 11 шілде күні «Сурет» сабағынан өтеді.