Вторник, Апрель 16, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов жүйріктерінің кезекті жеңісі

Жұбанов жүйріктерінің кезекті жеңісі

Демалыс күндерінде Ақтөбе қаласының және дене тәрбиесі спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласының сыртында орналасқан «Тау» демалыс базасының жанында тауға жүгіруден жарыс  өтті. Аталмыш жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен және Ресей Федерациясынан барлығы әртүрлі жас аралығында 300-ге жуық астам спортшы қатысты.

Жарыс қортындысында Жұбанов университетінің «Дене тәрбиесі» кафедрасының оқытушылары Айбек Габдуллин мен Шыңғыс Төлеуов дәстүрлі «Тау 400» тауға жүгіріп шығу жарысының жүлделі І орындарына ие болды.

Айбек Габдуллин 35-44 жас аралығындағы ерлердің ішінен суырылып алға шықса, ал Шыңғыс Төлеуов  45 жастан жоғары ерлердің арасынан оза шықты. Айта кететін жайт, Айбек Габдуллин былтырғы жылы да ерлер арасында І орынға ие болған болатын.

Жұбанов университетінің кәсіби-шығармашылық факультетінің ұжымы мен спортшыларымызды шын жүректен кезекті жеңісімен құттықтаймыз!