Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Мәжіліс депутаттары студенттік жатақханаларды аралады

Мәжіліс депутаттары студенттік жатақханаларды аралады

Расын айту керек, Парламент мәжілісінің депутаттарына қаладағы жоғары оқу орындарының ескісі емес, жаңадан салынған жатақханалары көрсетілді. Мәселен, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің жастар үйі. Былтыр желтоқсан айында ашылған. 500 орны бар. Оның 300-іне студенттер, магистранттар және жас ғалымдар қоныстанған. Бөлме үшін жылына 31 мың теңге төлейді. Бір бөлмеде 2-3 адамнан тұрады. Жалпы, Жұбанов университетінің төрт жатақханасын қосқанда 2 мыңнан астам орын бар. Оқу орнының Гришин көшесіндегі қайта жарақталған жатақханасы осы күзде студенттердің игілігіне беріледі. Сонда, жатақханамен қамту көрсеткіші 100 пайызға жақындайды, дейді университет өкілдері. Ал, облыс бойынша бұл көрсеткіш әлдеқайда төмен. Жастар үйіндегі тұрмыс депутаттардың көңілінен шықты. Депутат Құралай Қаракен колледждерде студенттерге мұндай жағдай жасалмайтынын бармаса да, біліп отыр.

http://www.rikatv.kz/kz/news/m-zh-l-s-deputattary-studentt-k-zhata-khanalardy-aralady-.html