Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ағайынды Қамзеновтер кезекті рет мықтылар қатарында

Ағайынды Қамзеновтер кезекті рет мықтылар қатарында

Ақтөбе қаласында 27-30 шілде аралығында жүзуден 5-ші жас ерекшелік топтағы ересектер, 4-ші және 3-ші жас ерекшелік топтағы жасөспірімдер мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Біріншілікке республикамыздың барлық облыстарынан және Астана мен Алматы қалаларынан 200-ден астам спортшы қатысты. Чемпионат қорытындысы бойынша ақтөбелік спортшылар 20 алтын, 6 күміс, 6 қола медалдарын еншіледі. Олардың арасында Жұбанов университетінің кәсіби-шығармашылық факультетінің студенттері 100м брасс әдісі бойынша Айбек Қамзенов — 1 орынға және 50м брасс бойынша 1 орынға; ал 200м еркін жүзу бойынша Әлібек Қамзенов — 1 орынға және 400м кешенді жүзу бойынша 1 орынға, сондай-ақ 200м кешенді жүзу бойынша 1 орынға ие болды. 


Студенттеріміз Әлібек пен Айбекті кезекті жеңістерімен құттықтаймыз!