Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ақтөбе облысы бойынша 4000-нан астам талапкер мемлекеттік грантқа үміткер

Ақтөбе облысы бойынша 4000-нан астам талапкер мемлекеттік грантқа үміткер

Жақында Қазақстан бойынша мемлекеттік білім грантына құжат қабылдау жұмыстары аяқталды. Ақтөбе облысы бойынша төрт жоғары оқу орнының базасында тегін оқуға үміткерлікке 4000-нан астам адам құжат тапсырды. Олар – Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ, М.Оспанов атындағы БҚММУ, С.Бәйішев атындағы АУ және Қазақ-орыс халықаралық университеті.

Биылғы жылы Қазақстан ЖОО арасында грантқа құжаттарды тапсырған үміткерлер саны бойынша Жұбанов университеті алдыңғы қатардан көрінді. 4000-нан астам талапкер құжат тапсырған М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті сапты бастаса, екінші позициядан 3100 талапкермен жұмыс жасаған Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ-ті көрінді. 2955 талапкерден құжат қабылдап үлгерген Жұбанов университеті де алдыңғы көштің қатарында болды.

Жұбанов университетінде өткен жылмен салыстырғанда биыл мемлекеттік грантқа құжат тапсырғандардың саны 200-ден асты.

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Нұржан Бердыбаевтың айтуынша биылғы жылы қосымша бөлінген гранттық орындарға байланысты техникалық және педагогикалық мамандықтарға құжат тапсырушысы талапкерлердің саны көбірек.

Білім гранты иегерлерінің тізімі 2018 жылдың 10 тамызына дейін Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында, «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» республикалық басылымдарында жарияланатын болады.