Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > «Темірқазық» студенттерге қызмет көрсету орталығының пайдасы мол

«Темірқазық» студенттерге қызмет көрсету орталығының пайдасы мол

Жұбанов университетіндегі «Темірқазық» орталығы Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» халыққа Жолдауына және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, жемқорлыққа қарсы оқу процесіндегі ақпараттық ашықтықты дамыту, қызмет көрсетуді оңтайландыру, өзара сыйластық қарым-қатынас мәдениеті мен ортаны қалыптастыру мақсатында ашылды.

Бұл орталық «бір терезе» қағидасы бойынша студенттерге әкімшілік, оқу-ағартушылық және кеңес беру қызметтерін көрсетеді. Оның ішінде, студенттерге транскрипт, университетте оқитындығы жөніндегі анықтама беру, сынақ кітапшасы мен студенттік билеттің, т.б. құжаттар көшірмесін сұрау өтініштерін қабылдау, төлем орталықтарына анықтама, сырттай оқитын студенттерге шақырту анықтамасын дайындау, жоо түлектеріне жұмысқа орналасуға жолдама және шәкіртақы бар/жоғы туралы анықтама беру, сондай-ақ, тіркеу, univer базасында, оқу құжаттарында және бұйрықта өзгеріс (тегін, атын, әкесінің атын өзгертуге байланысты) енгізуге өтініш қабылдау сияқты тағы да басқа жұмыстар атқарылады.

Қазіргі таңда уақыт үнемдеу өте өзекті мәселелердің бірі. Осыған байланысты білім алушыларға және қызметкерлерге көрсетілетін қызмет түрлерін оңтайландыру бойынша «eARSU» және «e.arsubot» телеграм-бот мобильдік қосымшалар қарастырылған. Бұл бағдарламалар арқылы қызмет алушылардың онлайн кеңес алып, қызметтерге тапсырыс беруге мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар, «Темірқазық» орталығында «еGOV» порталының мемлекеттік қызметтерді алу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылған. Ол арқылы кез келген білім алушы немесе қызметкер ЭСҚ-сы (электрондық сандық қолтаңба) болса, мекен-жай анықтамасын, сотталғандықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама және тағы да басқа 300-ден аса қызметті онлайн ала алады. Ал ЭЦҚ болмаған күннің өзінде, мобильді телефон номері мобильді үкімет базасында тіркелген болса, бір реттік SMS-пароль арқылы порталға кіріп, қызмет түрлерін алуға болады.

Айта кету керек, «Темірқазықта» күні бүгінге дейін 14 мыңнан астам түрлі қызмет көрсетілді. Қызмет үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Жаннат Әбілдаева,
Жұбанов университеті
Маркетинг орталығының басшысы

https://bilimdinews.kz/?p=11847