Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет студенттері “Big Ideas Camp” жазғы лагерінде кәсіпкерлік икемдерін жетілдіруде

Университет студенттері “Big Ideas Camp” жазғы лагерінде кәсіпкерлік икемдерін жетілдіруде

ERG компаниясының «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасы аясында университетіміздің 13 студенті Павлодар облысы Ақсу ауылына кәсіпкерлік мектебінде тәлім алу үшін “Big Ideas Camp” жазғы лагеріне аттанды.

Еске сала кетсек, 2018 жылдың 18-19 мамырында университет қабырғасында 200-ге жуық студент қатысқан «Кемел кәсіпкер» кейс-чемпионаты және «Project Day» бизнес-жобалар байқауы өткізілген болатын. Нәтижесінде жеңімпаздар ағымдағы жылдың 19-25 тамыз аралығында өтетін “Big Ideas Camp” кәсіпкерлік жазғы лагерьге жолдама алды.

Жазғы лагерь бағдарламасы тренингтер, ойлау дизайны, критикалық ойлауды дамытуға бағытталғын сабақтар мен мастер-класстардан тұратын 120 сағаттық жұмысты қамтиды. Сонымен қатар, студенттеріміз менторлармен жұмыс істейді. Оқыту бағдарламасы бизнес-жобалар байқауымен аяқталады.

Студенттерімізге жеңіс пен сәттілік тілейміз!