Пятница, Март 29, 2024
Басты > Хабарландырулар > Көрнекті ақын Өтежан Нұрғалиевтің 80 жылдық мерейтойына орай өткізілетін «Өтежан өлеңдері» атты бейнепоэзия эстафетасының

Көрнекті ақын Өтежан Нұрғалиевтің 80 жылдық мерейтойына орай өткізілетін «Өтежан өлеңдері» атты бейнепоэзия эстафетасының

ЕРЕЖЕСІ

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Қазақстан Жазушылар одағы Ақтөбе филиалы, «Керек-инфо» газеті, С.Жиенбаев атындағы Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасының бірлесіп ұйымдастыруымен 2018 жылғы 15 тамыз – 15 қазан аралығында көрнекті ақын Өтежан Нұрғалиевтің 80 жылдық мерейтойына орай «Өтежан өлеңдері» аттыбейнепоэзия эстафетасыөткізіледі.

         Мақсаты:  Қазақ поэзиясының классигі Өтежан Нұрғалиевтің шығармашылығын насихаттау, жас таланттардың шығармашылығын қолдау.

Бейнепоэзия эстафетасын өткізу тәртібі мен шарттары:

  1. Эстафета жеке бейнекамераға кез келген локацияда көрнекті ақын Өтежан Нұрғалиевтің өлеңін оқу арқылы жүзеге асырылады. Бейнепоэзия әлеуметтік желіге #өтежанөлең #өлеңөтежан хэштегімен жариялануы тиіс.
  2. Эстафетаға қатысушының жасына, ұлтына шектеу қойылмайды. Оқылатын өлең міндетті түрде Өтежан Нұрғалиевтің туындысы болуы шарт!
  3. Бейнероликтің басында немесе соңында қатысушы өзін таныстырып, эстафетаны кімнен алғанын және кімге жолдайтынын нақты атап кетуі қажет.
  4. Бейнепоэзия эстафетасында Өтежан Нұрғалиевтің өлеңін ерекше мəнерлеп оқыған  қатысушылар 19 қазанда өтетін поэзия марафонында арнайы жүлделерге ие болады.

Бейнепоэзия эстафетасының жеңімпаздары дипломдармен және сыйақымен марапатталады.

Жауапты тұлғалар: Индира Кереева (87716878355), Гүлжайнар Қалдина (87758919171).

 

Ұйымдастыру комитеті

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ОН Багдарлама