Пятница, Март 29, 2024
Басты > Білім > Модульдік білім беру жүйесінің жүзеге асырылуы жөнінде

Модульдік білім беру жүйесінің жүзеге асырылуы жөнінде

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде білім беру қызметі ҚР БжҒМ нормативтік құжаттарына және сапа кепілдігін қамтамасыз ету бағытындағы ішкі ережелерге сай модульдік білім беру жүйесі негізінде жүзеге асырылады.

Университет 55 бакалавриат мамандығы, 15 магистратура мамандығы, 1 PhD докторантура мамандығы бойынша мамандар дайындайды. Мамандар дайындау ісі «Білім», «Гуманитарлық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымдары», «Құқық», «Әлеуметтік ғылымдар. Экономика және бизнес», «Техника ғылымы және технологиялары», «Өнер», «Қызмет» бағыттары бойынша  жүргізіледі.

Білім беру қызметі бакалавриат деңгейінде 55 орта білім негізіндегі толық және 30 орта арнаулы білім негізіндегі, 25 жоғары білім негізіндегі қысқартылған білім бағдарламалары бойынша, магистратура деңгейінде профильдік және ғылыми-педагогикалық бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады.

Жыл сайын барлық мамандықтар бойынша толық оқу мерзіміне арналған Модульдік білім бағдарламалары жасақталады.

2017 жылдан бастап Модульдік білім бағдарламалары мен модульдік оқу жоспарлары ҚР МЖМББ стандартындағы (ҚР ҮҚ, №292, 13.05.2016 ж.) және  Типтік оқу жоспарларындағы (ҚР БжҒМ бұйрығы, №425, 05.07.2016 ж.) өзгерістер мен толықтыруларға сай жасақталып бекітілуде.

Мамандықтардың білім бағдарламалары 2-3 балама модульден тұрады. Балама модульдер белгілі мамандану бағыттары және білім траекториялары бойынша жобаланған. Мамандану бағыттары және білім траекторияларын ескере отырып, университет мамандықтарының 2017-2021 жылдарға арналған Модульдік білім бағдарламалары жасақталды.