Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Мемлекеттік қызметшілер мен студенттер арасындағы дебат

Мемлекеттік қызметшілер мен студенттер арасындағы дебат

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде мемлекеттік қызметшілер мен студенттер пікірсайыс алаңына жиналды. «Қазақстан бүгін және болашақта» деген тақырыпта ой жарыстырып, дебаттық турнир өтті. Жеңімпаздар репсубликалық пікірсайысқа жолдама алады.

Мемлекеттік қызметші — ұлтқа қызмет етуші. Елбасы осылай анықтама берген болатын. Сондай-ақ, білімді, білікті және әдепті болуы тиіс. Талап — осы. Тағы бір талап — мемлекеттік қызметші аудиторияны, қауым жұртты өзіне қарата алатындай шешендік қасиетке де ие болуы шарт.  Бүгінгідей дебаттық жарыстар осы мақсатты көздейді.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті мен жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен өткен дебаттық турнирге 10 команда қатысты. Студенттер және мемлекеттік қызметшілер берілген тақарып бойынша пікір жарыстырды.

Бүгінгі студент ертеңгі мемлекеттік қызметші екенін ескерсек, осындай пікірсайыста жастардың қарым-қабылеті байқалатыны анық.  Мамандардың айтуынша,  жалпы студенттер арасында мемлекеттік қызметке қызығушылық басым. Өңірлік университет қабырғасында ашылған «Мансап» мектебінде департамент оқу орнымен бірлесіп, болашақ мемлекеттік қызметшілерді даярлау ісін жолға қойды. Осы мектептің екі түлегі қазір департаментте қызмет атқарады.

 

Ұлағат Арғынұлы

http://aktobetv.kz/kz/news/society/memlekettik-kyzmetshiler-men-studentter-arasyndagy-debat