Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Жұбанов университеті 5000 талапкерді қабылдады

Жұбанов университеті 5000 талапкерді қабылдады

Биыл Құдайберген Жұбанов атындағы өңірлік университет 600-ге жуық шетелдік студентті қабылдады. Олар Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Қытай және Ресейдің азаматтары. Бұл оқу ордасындағы кәсіби бағдардың жаңартылған әдісінің арқасында мүмкін болды. Жалпы, білім ордасына биыл 5 мың талапкер қабылданды.

Бұл жолы да салтанатты шара дәстүр бойынша университеттің білім алаңында өтті. Бес мың талапкерді жаңа оқу жылымен облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев құттықтады. Облыс әкімінің 100-ден астам грантының 55-і осы университеттің студенттеріне берілді. Бұдан бөлек, 150 жас өңірдің 45 кәсіпкерінің демеушілігімен тегін оқиды.

Биыл өңірлік университет 600-ге жуық шетелдік студентті қабылдады. Олар Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Қытай және Ресейдің азаматтары. Басым бөлігі — этникалық қазақтар. Олар алғашқы жылы университет тарапынан тегін оқиды. Ал, келесі курстарда оқудағы белсенділігіне, ғылыми-зерттеу қызметіне байланысты 100 пайыз жеңілдіктер ұсынылады.

АРСЛАН  АБУТОВ, Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АӨМУ СТУДЕНТІ

— Техникалық факульттетің құрылыс мамандығына түстім. Өзім Қарақалпақстанның Нөкіс қаласынан келдім. Еш қиындық болмады. Уақытында жатақхана берілді. Ақтөбе қаласы ұнады. Тұрғындары қонақжай, мейірімді екен.

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Алматы  облыстарынан 150-ден астам студент «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алатын болады. Бұдан бөлек, білім ордасы жанынан колледж ашылды. Оған 350 бала оқуға түсті.

Бұл күні университеттің үздік қызметкерлері мен студенттері алғыс хаттармен марапатталды. Ал, бірінші курс студенті Інжифа Қалиқова әлеуметтік қолдау мақсатында тегін білім алу туралы куәлікке ие болды. Айтып өтейік, еліміздегі жоғары оқу орындарының республикалық рейтінгінде Құдайберген Жұбанов атындағы университет 7-ші орында тұр.

 

Жұлдыз Алмасқызы

http://aktobetv.kz/kz/news/society/zhubanov-universiteti-5000-talapkerdi-kabyldady