Пятница, Март 29, 2024
Басты > Білім > «Болашақ» стипендиясы 171 үміткерге берілді

«Болашақ» стипендиясы 171 үміткерге берілді

Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Өздеріңіз білесіздер Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында болашақта ұлттық табысты болуы оның қазба байлығымен емес адамдардың бәсекеге қабілеттілігімен айқындалады деп атап өткен болатын. «Болашақ» бағдарламасы осы бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаумен айналысады. Сондықтан  бұл бағдарламаны одан ары дамытудың маңызы зор деп ойлаймын», — деді комиссия отырысын ашқан Гүлшара Әбдіқалықова.

Отырыс барысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның хаттамалық шешімдерінің орындалуы барысы туралы есебі тыңдалды. Сонымен қатар «Болашақ» бағдарламасын іске асыруға қатысты бірқатар мәселе қаралды. Комиссия шешімімен стипендия магистратурада және докторантурада оқитын, әлемнің жеткші ғылыми орталықтарында тағлымдамадан өтуге жіберілетін 171 үміткерге тағайындалды.

Отырысты қорытындылаған Мемлекеттік хатшы «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру тетіктерін одан әрі жетілдіру  және тиімділігін арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

www.inform.kz