Вторник, Апрель 16, 2024
Басты > Жастар саясаты > Ректордың 1-курс студенттерімен кездесу апталығы басталды

Ректордың 1-курс студенттерімен кездесу апталығы басталды

Жаңа оқу жылының басында Жұбанов университетінің ректоры, профессор Бауыржан Ердембеков толғандырған сұрақтарына жауап беру үшін 1-курс студенттерімен дәстүрлі түрде кездеседі.

Бүгін осындай кездесулер филология, физика-математика факультеттерінде, сондай-ақ экономика және құқық факультетінде өтті.

Кездесуге арнайы шақырылған қонақтар – аймақтың және қаланың түрлі басқармалары мен департаменттерінің басшылары қатысып, сөз сөйледі.

Университет табалдырығын алғаш аттаған студенттердің сұрақтарына жауап беру алдында ректор Б.Ердембеков жоғары оқу орнының соңғы жетістіктерімен таныстырды. Ол Жұбанов университетінің  ҚР Аккердиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА)  жүргізген мамандарды дайындаудағы бағыттар мен деңгейлерді анықтайтын  тәуелсіз рейтингтің нәтижесі бойынша еліміздің 58 жоғары оқу орындары арасында жоғары 7-ші орынды алғандығын атап өтті.  Ректор өз сөзінде лайықты өмірге сай болу үшін жастардың таңдаған мамандықтарын зейін қоя игерулеріне тілектестік білдірді.

Сондай-ақ,  Б.Ердембеков 1-курс студенттерін университетте өткізілетін барлық шараларға белсене қатысуға шақырды, өйткені, студенттік шақ адам өміріндегі ең қызықты, шуақты, ұмытылмас сәттер екенін жеткізді.   

Бірінші курс студенттерін студенттік өмірдің барлық жақтары, әсіресе қосдипломдық білім мен академиялық ұтқырлық бағдарламасымен шетелде білімдерін жалғастыру сұрақтары қызықтырды.

Шараға қатысқан университеттің көшбасшы — жоғары курс студенттері оқуда, ғылымда және қоғамдық салада қол жеткен табыстары жайлы әңгімеледі.

Университет ректорының 1-курс студенттерімен кездесуі ертең кәсіби-шығармашылық және жаратылыстану факультеттерінде жалғасады.