Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жастар саясаты > Бірінші курс студенттерінің ректормен кездесуі шетел тілдері факультетінде де өтті

Бірінші курс студенттерінің ректормен кездесуі шетел тілдері факультетінде де өтті

Бүгін университет ректоры, профессор Бауыржан Ердембековтің дәстүрлі түрде өткізілетін кездесуі шетел тілдері факультетінде өтті. Кездесуге биыл оқуға түскен  257 студент қатысты.  Айта кетсек, олардың көпшілігі «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығын таңдаған екен.

Кездесуге  қатысқан Ақтөбе қаласы ІІБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Серікжан Дүзбаев қылмыс және басқа құқық бұзушылықтарды  заңмен  жазалау шаралары туралы, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының КММ-сі  басшысының орынбасары Төлеген Талдыбаев дәстүрлі ислам дінінің құндылықтары туралы және жастарды жат ағымдардың ықпалынан сақтау жайында сөз қозғады.

Кездесу барысында университет ректоры 1-курс студенттерін құттықтап, «Сіздер университет табалдырығынан аттаған сәттен бастап, жаңа өмірге қадам бастыңыздар. Жұбанов  университетінің белсенді жастарының қатарын  толықтыру өз қолдарыңызда. Белсенді жастар қатарынан көріну үшін тек қоғамдық шараларда, мерекелік кештерде жүру жеткіліксіз, сіздер оқи жүріп,  ғылыми зерттеулермен, қоғамдық істермен шұғылдануға да үлгерулеріңіз қажет»,- деді.

Сондай-ақ, проректор Рахым Бекназаров та сөз алып,  жастарға университет дамуына лайықты  үлестерін қосатындықтарына сенім артты.

Кездесу барысында факультет деканы Күлпәш Көптлеуова  факультет өмірі мен студенттердің әлеуметтік-материалдық жағдайы, оқу процесі, тәрбие жұмысы, ғылыммен айналысуы, академиялық ұтқырлық мәселесінің шешілуі, спортпен, өнермен шұғылдануы және тағы басқа мәселелер жайлы жан-жақты сөз етті. Сондай-ақ «Инновация және кәсіпкерлікті дамыту» орталығының директоры Әсел Шетиева университет білім алушылары үшін «Стартап» жобасының жолға қойылғанын түсіндіріп, болашақта бірге жұмыс жасауға шақырды.

Кездесу соңында «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 4-курс студенті Нұрсұлтан Асылов сөз сөйлеп, Жұбанов университеті жастарының білім мен ғылым әлеміндегі жетістіктерге жетуге барлық  жағдай жасалғанын айтып,  бірінші курс студенттеріне білім алуда сәттілік тіледі.