Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > Жаңалықтар > Географтар Павлодар облысындағы «Хан Қорық» жастар фестиваліне қатысты

Географтар Павлодар облысындағы «Хан Қорық» жастар фестиваліне қатысты

2017 жылғы 24-30 шілде аралығында Қазақстандық Ұлттық Географиялық Қоғамы Qazaq Geography Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы, Павлодар География үйімен бірлесе отырып Баянауыл Ұлттық бағының базасында «Хан Қорық» жастар фестивалін өткізді.

2017 ж. жастар фестивалінің басты идеясы Елбасымен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғырту» бағдарламалық мақаласында мазмұндалған «туған жер» бағдарламасын «Қазақстанның киелі жерлері» жобасын іске асыру мақсатында өтті. Бұл Қазақстандық Ұлттық Географиялық Қоғамы Qazaq Geography жыл сайын өткізілетін іс-шарасы. Фестиваль аясында жастар еліміздің тарихи, табиғи, мәдени орындарымен, нысандарымен танысады. Осы жылы фестивалге Қазақстанның 14 жоғары оқу орындары және Ресейдің, Монғолияның университеттері және конкурс қорытындылары бойынша іріктелген Қазақстандық Ұлттық Географиялық Қоғамы мүшелері қатысты.

Павлодар облысындағы «Хан Қорық» жастар фестивалі 24 шілдеде ашылды. Павлодар қаласының есте қалған және тарихи жерлеріне экскурсия жасалды.

26-28 шілдеде үш бағыт бойынша шеберлік-кластар жұмыс жасады. География және спорттық туризм лабораториясы: Ақбет тауына шығу. Спорттық туризмнің дағдылары, Археология лабораториясы: «Кемпіртас» шатқалында қола дәуірінің мазарларын қазу», Биоалуантүрлік және экология лабораториясы БМҰТП Ботаникалық соқпағында экскурсия бағытында өткізілді. Әртүрлі бағыттағы туристік маршруттар Кемпіртас және Қоңыр әулие басына барумен аяқталды. Жастар 29 шілдеде «Ертіс думаны» мейрамына қатысты.

Жастар фестивалінің ұйымдастырылу деңгейі жоғары өтті. 2018 жылы жастар мерекесін еліміздің батыс немесе шығыс аймақтары күтіп тұр…