Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жастар саясаты > «Өз ұстазыңды құттықта!» апталық жастар акциясы басталды

«Өз ұстазыңды құттықта!» апталық жастар акциясы басталды

Әр адамның өмірінде ерекше орын алатын, ерекше ықыласпен еске алатын ұстазы болады. Бүгін Жұбанов университетінің белсенді студенттері қоғамдық көліктерде қала тұрғындары мен қонақтарының естеріне ұстаз алдындағы борышын естеріне салды. Аталмыш шара Ұстаздар күні қарсаңында арнайы ұйымдастырылып отыр. Жастар А.Еспаевтың «Ұстазым менің» әнін орындап көліктегі жолаушыларға «Өз ұстазыңды құттықта!» деген флаерлар таратуда. Акцияны Жұбанов университетінің әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты депатаменті ұйымдастырды.

Мерекелік құттықтаулар легі 1 қазаңға дейін жалғасын табады. Шараға 250-ден астам студент қатысуда. Олар сабақ уақыты аяқталған соң түрлі бағыттағы қоғамдық көліктерге мініп, жолаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлайды.