Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > Жастар саясаты > Физика-математика факультетінде «АПРО» ЖШС бірлескен семинар өтті

Физика-математика факультетінде «АПРО» ЖШС бірлескен семинар өтті

Аталмыш семинарды Жұбанов университеті физика-математика факультеті «Информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасы «АПРО» ЖШС-мен біргелікте ұйымдастырған болатын. Жоғары санатты IT-мамандары бар бұл компания Ақтөбе қаласындағы ақпаратты технологиялар нарығының үздігі болып табылады.
«АПРО» компаниясының мамандары Галия Кирейчева мен Жазира Нұрыллаева «SQL-ға кіріспе» тақырыбында семинар өткізді. Семинар спикерлерінің айтуынша «SQL — бұл құрылымдық сұранымдар тілінің қысқартылған атауы, реляциялық мәліметтерді құру және өңдеу құралдарын береді». Семинар барысында спикерлер студенттерге кестелер, мәліметтер сызбасын, сүзгіден откізу және сұранымдар құрудың ретіне тоқталып өтті. 


Семинарға «Ақпараттық жүйелер», «Есептуіш техника және ақпараттық қамтамасыз ету», «Математика және компьютерлік модельдеу» және «Информтика» мамандықтарының 3-4 студенттері қатысты.
«АПРО» ЖШС-мен студенттерді қызықтыратын басқа да тақырыптарға семинарлар мен тренингтер өткізілетін болады деп жоспарлануда.