2018 жылдың 28 қыркүйегінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жоспарына сай 5В012200 – «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенттері топ кураторы В.Ж.Исламгалиеваның жетекшілігімен «Қазақтың ою-өрнектері» тақырыбында викторина өткізді.
Шара патриоттық сезімге тәрбиелеуге, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға, өз халқының дәстүрі мен мәдениетін құрметтеуге бағытталған.
Іс-шара барысында студенттер ұлттық ою-өрнек түрлері, қазіргі кезде оларды пайдалану орны туралы айтып, әсем кестеленген ұлттық нақыштағы киім үлгісін көрсетті. Шара соңында сұрақтар қойылып, оларға мағыналы жауаптар алу арқылы қазақ халқының өміріндегі ұлттық ою-өрнектердің маңыздылығы айқындалды.
Викторина өте қызықты өткізілді.