Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жастар саясаты > Мәнерлеп оқудан бейне-поэтикалық эстафета

Мәнерлеп оқудан бейне-поэтикалық эстафета

Өтежан Нұрғалиевтің 80-жылдығын тойлау аясында Жұбанов университетінде мәнерлеп оқудан бейне-поэтикалық эстафета өтуде. Аталмыш шараны Жұбанов университетімен «Керек.info» қоғамдық-ақпараттық апталық газеті және С.Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасы бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Эстафетаның негізгі мақсаты — қазақ поэзиясының классигі Өтежан Нұрғалиевтің шығармашылығын насихаттау, Ақтөбе облысының рухани әлауқатын дәріптеу, жас таланттарды қолдау болып отыр.

Бейне-поэтикалық эстафетаға гуманитарлық ғылымдар магистрі, «Қазақ әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы Әлия Ұлықпанованың бастауымен филология факультетінің 11 студенті белсене атсалысуда.

Әлия Жолдасқалиқызының айтуынша, студенттердің бейнероликтері Facebook, Instagram, Youtube әлеуметтік желілерінде жарияланды. «Бейне-поэтикалық эстафета 15 қазанға дейін жалғасады», — деді ол.

Эстафетаға қатысу үшін Өтежан Нұрғалиевтің кез-келген шығармасы таңдалып, бейнебаян жасалып, әлеуметтік желіге жүктелуі тиіс.