Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Сапалы білім — басты талап

Сапалы білім — басты талап

Ұстаз мәртебесі туралы заң қабылданады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын  Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы бір кісідей тыңдап, зор ықыласпен қабылдады.  Бұл жолғы Жолдауында да Елбасы  өзекті мәселелерді  көтерді. Әсіресе, ұстаз мәртебесі,  жастарға сапалы жоғары білім беру мәселелері бойынша президент айтқан пікіріне ризашылық білдірді.

Президенттің тапсырмасы бойынша келесі жылы ұстаз мәртебесі туралы заң жобасы жасалып, қабылданады. Елбасы сондай-ақ, ұстаздардың жүктемесі азайтылып, мекткепке дейінгі білім беру саласын  дамытуға назар аударылсын деді.

Президент,  жастардың білім іздеп шетел асып жататыны қынжылтады деді. Сондықтан, жоғары білім  беру саласына деген талап күшейеді. Білім сапасы басты назарда болмақ.

Жоғары оқу орындарын ірілендіру саясатын жүргізуіміз қажет деді Елбасы. Білім нарығында тек жоғары сапалы білім бере алатын оқу орындары қалуы қажет. Жаңа Жолдау жоғары оқу орындарының ұстаздарына жаңа міндет, жаңа талаптар қояды дейді ұстаздар қауымы.

 

http://aktobetv.kz/kz/news/society/sapaly-bilim-basty-talap