Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Өтежантану» лекциялары жалғасуда

«Өтежантану» лекциялары жалғасуда

«Қазақ әдебиеті» кафедрасының ұйытқы болуымен ақтаңгер ақын Өтежан Нұрғалиев шығармашылығының ұлттық поэзиядағы тұғырлы орнын танытуды басты мақсат еткен лекциялар желісі әрі қарай өз жалғасын табуда. Кафедра доценті Сұлтанғалиева Жанат Сәлімгерейқызының «Филология» мамандығының 4-курс студенттеріне оқыған «Ақын Ө.Нұрғалиев поэзиясындағы ұлттық рух мәселесі» тақырыбындағы лекциясын болашақ филолог-мамандар зор қызығушылықпен тыңдады.

«Ө.Нұрғалиев поэзиясындағы табиғат лирикасы» тақырыбындағы лекцияны «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ филологиясы» мамандығының 3-курс студенттеріне филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ғ.М.Ниязова оқыды. Туған өлкесі Байғаниннің сұлу табиғатын суреттеуде ерекше шабыттанған жыр шайырының шырайлы шумақтары ғылыми тұрғыдан жан-жақты  талданып, талқыланды.

 

                   Рита Жұмағалиева

 «Қазақ әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы, магистр