Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Рухани жаңғыруға бағытталған шаралардың 15 күндігі өтті

Рухани жаңғыруға бағытталған шаралардың 15 күндігі өтті

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан туындайтын міндеттерді іске асыру мақсатында физика-математика факультетінде іс-шаралар жоспары жасақталып, қазан айының 1-15 аралығында жүзеге асырылды. Он бес күндік   1МПКО  тобының студенттерінің Кеңес Одағының батыры, батыс өңірінің шолпан жұлдызы  Әлия Молдағұлова мұражайына 1МПКО  тобының саяхатымен басталды.

1 курс студенттері батыр қыздың ескерткішіне тағзым етіп, Отан үшін жанын қиған өшпес ерлігімен танысты.

Содан соң 1ИПқб, 1ИПоб, 1Иқб, 1Иоб, 1МКМ топтарыныан құрылған студенттер Білім алаңында халық билерінен флешмоб өткізді. Шараның мақсаты жастардың қазақтың би өнерінің ерекшелігіне, философиясына назар аудартып, қызықтыру. Оның үстіне би — қимыл, қозғалыс, сондықтан денсаулық кепілі.

      Онбес күндік Интелектуальды ойын 1МКО, 1МРО, 1МПРО, 1 МПКО топтарының арасында өткен еліміздің маңызды географиялық нүктелеріне арналған зияткерлік  ойынмен жалғасты. Сонымен қатар «Декан кубогы» үшін пікірталас сайысы да өткізілді.

Ал 2 МПКО тобының студенттері қала орталығында орналасқан Мөңке би ескерткішіне барып, ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен сұңғыла би, келер күнді айнытпай болжайтын сәуегей және дала данасының тас мүсіні алдында оны еске алып, рухына тағзым етті.

Рухани жаңғыруға бағытталған шаралар онбес күндігі «Туған жерім-тұғырым!» тақырыбындағы  студенттер түсірген фотолар галереясымен қорытындыланды.

 

                                                Лаззат Капарова,

                                                «Информатика және ақпараттық технологиялар»

                                                кафедрасының аға оқытушысы