Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Түркиялық ғалымның қазақша дәрістері өтуде

Түркиялық ғалымның қазақша дәрістері өтуде

        Түркияның Кастамону университетінің  профессоры, доктор Орхане Сөйлемез қазанның 15-нен бастап Жұбанов университетінің филология факультетінің студенттері мен магистранттарына қазақ тілінде дәріс жүргізуде. Түрік ғалымының Қазақстанға сапары университеттер арасындағы екі жақты келісімге орай академиялық ұтырлық бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып отыр.

        Доктор Орхан Сөйлемез мырза Жұбанов университетінде ертең жоспарланған қазақтың сұңқар ақыны Өтежан Нұрғалиевтің 80-жылдық мерей-той шараларына қатысып, «Өтежан Нұрғалиев шығармашылығы: әдеби болмыс және дәуір шындығы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық мәжілісінде ерекше болмысты ақын творчествомен қалай танысқаны, оның түрікшеге аударылған шығармаларын оқығандағы сүйсінісі жайлы баяндама жасайды.

                                                                       Гүлнара Дауылбайқызы