Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Республикалық конкурстың бас жүлдесін Жұбанов университетінің студенті жеңіп алды

Республикалық конкурстың бас жүлдесін Жұбанов университетінің студенті жеңіп алды

                Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен  «Астана -елімнің жүрегі» атты республикалық жастар арасында ұйымдастырылған шығармашылық байқаудың қорытындысы жарияланды.

               Байқаудың мақсаты: жастардың елордамыз Астанаға деген өздерінің сүйіспеншіліктерін көрсете отырып, патриоттық сезімдері мен азаматтық жауапкерлішілігін арттыруға жол ашу. Ел арасындағы жастардың шығармашылық ізденісін ұлғайту.

                Аталмыш байқауға физика-математика факультетінің «5В070300-Ақпараттық жүйелер» мамандығының 3 курс студенті Биарыстанова Камила өз жұмысын ұсынған болатын. Қазір Камила академиялық ұтқырлық аясында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде білімін жалғастырып жатыр. Байқаудың бірінші шарты бойынша қатысушылар Астанаға ақ тілегін білдіруі керек болатын. Камила бұл шартты «ашық хат» ретінде жолдады. Байқаудың екінші шарты: «Жырым сенсің, Астана» бейне поэзиянын түсіруді де Камила ерекше орындады. Ол  К.Салықовтың «Астана-Азияның ару қызы» атты өлеңін мәнерлеп оқып, бейнеоролик жасады.

    Байқауға барлығы 50-ден аса үміткерлердің жұмыстары қабылданып, қазылар алқасының шешімімен Биарыстанова Камиланың жұмыстары  бас жүлдеге лайық деп танылды.

                                                                                                        Акзада Шаукебаева,

                                                      «Информатика және ақпараттық технологиялар»

                                                        кафедрасының оқытушысы