Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > QS Quacquarelli Symonds Ltd компаниясының қатысуымен скайп сессия өтті

QS Quacquarelli Symonds Ltd компаниясының қатысуымен скайп сессия өтті

18 қазан күні Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің халықаралық ынтымақтастық орталығы Лондон қаласынның  QS Quacquarelli Symonds Ltd консалтинг компаниясының өкілдерімен бірлескен скайп-сессия өткізді. Аталмыш шараны британдық компанияның менеджері Лариса Осипова жүргізді. Универсиеттердің әлемдік рейтингіне ену — басты мақсат болған бұл кездесу барысында Лариса Осипова университеттің әлемдік дәрежеге жету және студенттер санын арттыру үшін өз стратегиялық жоспарларын қайта қарастыру мүмкіндіктерін тудыратын консалтинг-пакеттердің түрлері туралы сөз қозғады. Олардың қатарында QS Star (QS Жұлдыздар), QS world university rankings by subject (Университетердің бейімдік рейтингтері),  ЕЕСА-ның өңірлік рейтингі бар. Сонымен қатар бұл скайп-сессияға университет әкімшілігнің өкілдері, факультет декандары және кафедра меңгерушілері қатысып,  QS әлемдік рейтингіне кіру процессі төңірегінде сұрақтарына жауаптар алды.

QS World University Rankings (QS) университеттердің әлемдік рейтингі ең алгғаш рет жарыққа 2004 жылы THE (Times Higher Education)-QS астында біріктіріліп шыққан болатын. QS World University Rankings әлемдегі үздік университеттер рейтингі – университеттің стратегиялық мақсаттарын анықтайды.