Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Болашақ» бағдарламасына арналған брифинг өтті

«Болашақ» бағдарламасына арналған брифинг өтті

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-де 22 қазан күні «Болашақ» халықаралық стипендиясының ресми әкімшісі — «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ  бастауымен «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелде білім алу жөнінде және аталған стипендияны тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларына түсініктеме беру мақсатында ақпараттық брифинг өткізді.

Шараға Ақтөбе облыстық «Жастар ресурстық орталығы», Жастар бастамаларын жүзеге асыру және  ұйымдастыру бөлімінің  маманы Таңатаров Нұрсейіт қатысты. Брифингке университет оқытушылары, факультет студенттері, жоғары сынып оқушылары және ата-аналар да шақырылды.

Шарада «Болашақ»  халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидалары, конкурсқа қатысу талаптары туралы, сондай-ақ «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелдік білім алудың қол жетімді мүмкіндіктері жайында, мемлекетаралық келісімдер мен Еуропада тегін білім алу бойынша да түсініктемелер берілді.

Шара соңында  брифингке қатысушылар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Перизат Сыдық,

«Халықаралық ынтымақтастық» орталығының кіші ғылыми қызметкері